Ауа райы • 22 Қыркүйек, 2020

Найзағай, тұман, бұршақ: Еліміздің 11 өңірінде күн бұзылады

427 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазгидромет Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Найзағай, тұман, бұршақ: Еліміздің 11 өңірінде күн бұзылады

Нұр-Сұлтан қаласында 23 қыркүйекте таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Ақтөбе қ.: күндіз 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Семей қ.: күндіз 23 қыркүйекте жел екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысында кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз 23, тәулік бойы 24 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерінде 23-28 м/с күтіледі.

Павлодар қ.: күндіз 23, түнде 24 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с, күндіз 24 қыркүйекте екпіні 23 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Орал қ.: 23 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысында батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанай қ.: 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысында кей жерлерде түман күтіледі. Түнде 23 қыркүйекте облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қарағанды қ.: 23 қыркүйекте онтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: күндіз 23 қыркүйекте онтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 23 қыркүйекте күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.