06 Қараша, 2013

Етті неге сырттан тасып отыр?

303 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

39LOZyV2Қазіргі күндері Ақтөбе қаласындағы сауда нүктелеріне ет пен ет өнімдері негізінен Ресейдің Орынбор облысынан жеткізіледі. Сиыр етінің тағы бір бөлігі мұнда Қостанай мен облыстың өз аудандарынан келеді. Бұл туралы «Актобе-таймс» газеті хабарлады.

Қазіргі күндері Ақтөбе қаласындағы сауда нүктелеріне ет пен ет өнімдері негізінен Ресейдің Орынбор облысынан жеткізіледі. Сиыр етінің тағы бір бөлігі мұнда Қостанай мен облыстың өз аудандарынан келеді. Бұл туралы «Актобе-таймс» газеті хабарлады.

«Орталық базарға әр таң са­йын ет әкелінеді. Соның ішінде шош­қа етінің 99 пайызы Бестамақ кентінде орналасқан «Париж ком­мунасы» ЖШС-нен түседі. Оның көтерме сатып алу бағасы 650 теңге болса, сатылу құны 750 теңге болады. Базарға сиыр етін «Еңбек» ЖШС тапсырады. Ал оған ет негізінен Қостанай облы­сының шаруашылықтары мен Орынбордан жеткізіледі. Бұл жерде сиыр етін Ресейден сатып алу­дың тиімді екені байқалады. Оның сатып алу бағасы килосына 400 теңгеден аспайды. Сырттан әке­лін­ген сиыр еті әлдеқайда арзан және сатуға өте тиімді», – делінген онда.

Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда Ақтөбе облысында жергілікті ірі қара мал шаруашылығы қатты тұралап тұр. Облыс әлі күнге дейін кеңес заманының қайта құру кезеңіндегі мөлшеріне жете алмай келеді. Егер аймақта 1991 жылы 586 мың бас ірі қара есепте тұрған болса, қазір оның қатары 404 мыңнан аспайды. Ақтөбеде бұрын қой мен ешкінің басы да баршылық еді. Айталық, бұдан 20 жыл бұрын бұл өңірде 2,7 млн. бас қой мен ешкі өріп жүрсе, бүгінде олардың қатары 2 еседен де жоғары мөлшерде аз. Мамандар шошқа басының да айтарлықтай азайып кеткенін алға тартады. Ол тәуелсіздікке қол жеткізер алдындағы жылдардағы деңгейдің 40 пайызына да жетпейді.

Мал басының күрт кеми түсуі биылғы жылы облыстың Мәртөк ауданында айрықша байқалған. Бұл жөніндегі мәлімет мұның алдындағы жылдарға қарағанда, ірі қара санының 36 пайызға түсіп кеткенін көрсетеді. Ал Шалқар ауданында қой мен ешкінің тең жартысы жоқ.

«Мұның негізгі себебі соң­ғы жылдары облыс жерін құр­ғақшылық жаулап алғанынан шы­ғып отыр, – дейді осы орай­да облыстық статистика депар­таментінің басшысы Мәншүк Қожах­метова. – Мал басына жүр­гізілген санақтан кейін олар­дың шын мәнінде ауылдық округ­тер әкімдерінің көрсеткен мөл­ше­рінен едәуір аз екеніне көз жеткізілді».

«Актобе-таймс» газеті бұдан­ бұрын ауыл әкімдерінің ша­руа­шылық жүргізу кітаптарына малдың басын қалай қосып жазғандары туралы баяндап берген екен. Ал кемістіктің орнын малдың егілуіне байланысты тексеру жүргізу кезінде прокуратура қызметкерлері анықтапты. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының 5 қызметкері үстінен қылмыстық іс қозғалып, 11 ауыл­дың әкімі сөгіс алған көрінеді.

Газет тілшісі сондай-ақ үсті­міздегі жылғы 8 айда Ақтөбеден 20,7 млн. доллар ақшаның Ресей мен Беларуське кеткенін жазады. Оған сол жақтардан 9,2 мың тонна ет және ет өнімдері әкелініпті. «Ақтөбеліктер ет асып жеуге керекті малдарының өзін қазір шетелдерде өсіріп жатыр», – демеске амал жоқ.

Мұрат АЙТҚОЖА.