06 Қараша, 2013

Кәсіпкерлікке – кең қолдау

261 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

DSC06603Өскеменде ҚР Ұлттық кәсіп­керлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевтың, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың және Кәсіпкерлердің өңірлік палатасының директоры Игорь Шацкийдің қатысуымен Кенді Алтай кәсіпкерлері палатасы өңірлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Оған басқарма, департамент басшылары, өңірдегі ірі кәсіпорындар мен бизнес құрылымдарының басшылары қатысып, өңірде кәсіпкерлерге қолдау көрсету, оның көкжие­гін кеңейту мәселелерін тал­қы­лады. Тимур Құлыбаев өз сөзінде Шығыс Қазақстанда құрылған кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға және жан-жақты ұсыныс етуге, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасайтындарын атап өтті. Бұдан кейін облыстағы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы қызметіне Әсемхан Досқожановты ұсынды. Кәсіпкерлер кәсіпкерліктің қыр-сырын жетік білетін маманның кандидатурасын бірауыздан қолдады.

 

DSC06603

Өскеменде ҚР Ұлттық кәсіп­керлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевтың, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың және Кәсіпкерлердің өңірлік палатасының директоры Игорь Шацкийдің қатысуымен Кенді Алтай кәсіпкерлері палатасы өңірлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Оған басқарма, департамент басшылары, өңірдегі ірі кәсіпорындар мен бизнес құрылымдарының басшылары қатысып, өңірде кәсіпкерлерге қолдау көрсету, оның көкжие­гін кеңейту мәселелерін тал­қы­лады. Тимур Құлыбаев өз сөзінде Шығыс Қазақстанда құрылған кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға және жан-жақты ұсыныс етуге, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасайтындарын атап өтті. Бұдан кейін облыстағы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы қызметіне Әсемхан Досқожановты ұсынды. Кәсіпкерлер кәсіпкерліктің қыр-сырын жетік білетін маманның кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Отырыста сөз алған облыс әкімі Б.Сапарбаев индустрияландыру картасына енген серпінді жобалар жайлы айта келіп, кәсіп­керлер палатасының өңірлік кеңесін құруға атсалысқаны үшін Тимур Асқарұлына алғы­сын айтып, Кенді Алтайда кәсіп­кер­лік­тің жыл сайын дамып келе жатқанын, жыл басынан бері ша­ғын және орта кәсіпкерлік бо­йынша өңірде 270 миллиард тең­генің өнімдері шығарылғанын тілге тиек етті. Тек қана шағын және орта кәсіпкерліктен облыс бо­йынша бюджетке жыл сайын 40 миллиард теңге түсіп тұрады екен.

Шығыс Қазақстандағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне облыстың 7 ауданы мен 3 қаласынан уәкілдік ететін 26 кәсіпкер, 4 кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері енді. Бұдан кейін спорт саласы бойынша бірқатар нысандарды салу жөніндегі келісімге қол қойылды.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ӨСКЕМЕН.