06 Қараша, 2013

Шетелдіктерді тәнті еткен әнші

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Teatro Comunale di Piacenzaдағы» (Италия) театрының жаңа маусымы «Астана Опера» театрының әншісі Медет Шотабаевтың орындауындағы Дж.Вердидің «Луиза Миллер» операсынан Рудольфтің партиясымен ашылды.

 

«Teatro Comunale di Piacenzaдағы» (Италия) театрының жаңа маусымы «Астана Опера» театрының әншісі Медет Шотабаевтың орындауындағы Дж.Вердидің «Луиза Миллер» операсынан Рудольфтің партиясымен ашылды.

Италиялық театр басшылығы Шотабаевпен үш опера орындау жөнінде келісімге отырды. «Piacenza қаласы театрының мау­сымын ашу мен үшін құрмет, үлкен сәттілік. Donato Renzetti секілді дирижермен, әлемдік деңгейдегі әншілермен үлкен сахнада өнер көрсеткеніме қуаныштымын», – дейді әнші.

Италия театрында өнер көрсету «Астана Операның» үздік әншісіне үлкен тәжірибе болды. Медеттің актерлік шеберлігінің өскенін тек әріптестері мен Маэстро ғана емес, музыкалық сыншылар да атап өтуде. Нақтырақ айтсақ, италиялық «Сultura e spettacoli» газеті былай деп жазды: «Медет Шотабаев Рудольфтің рөлін ойнады. Алғашында ол үндестіктен төмен бастап еді, алайда, нәтижесінде даусы жақсы шығып, партияны сенерліктей әрі бұлжытпай орындады, сонымен қатар, күшті вокалдық диапазоны және баса айту мен шырқаудың дұрыстығының арқасында дауыс өте жағымды әрі таза шықты. Медет көрерменнің зор ықыласына ие болды».

Оркестр де, хор да және ең бас­тысы – көрермен де Шотабаевты жақсы қарсы алды. Таяуда Медет Шотабаев конкурсқа қатысу үшін тағы да Италияға барады. Ал қаңтар айында Piacenza сахнасында «Луиза Миллерді» орындамақ.

«Егемен-ақпарат».