06 Қараша, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №815

231 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2013 жыл 9 тамызАстана, Үкімет Үйі

«Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесугетыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі№ 460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

2013 жыл 9 тамызАстана, Үкімет Үйі

«Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесугетыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі№ 460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ҚазақстанРеспубликасыныңҮкіметіқаулыетеді:

1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 қаулысына (Қазақстан Республи­касының ПҮАЖ-ы, 2004 ж. № 19, 239-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналарға:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынсын.»;

2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) жыл сайын, 10 маусымға және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғау жөнінде қабылданған шаралар және ағаш пен бұта тұқымдыларын плантацияда өсіру туралы ақпарат берсін.»;

3-тармақтың бірінші абзацы мына редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Ж.Қаппаровқа жүктелсін.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.