Қоғам • 25 Қыркүйек, 2020

Нұр-Сұлтанда жануарларды қорғау жөніндегі кеңес құрылады

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда жануарларды қорғау жөніндегі кеңес құрылады. Оның құрамына жануарларды қорғаушылар, қоғам қайраткерлері, ветеринария қызметкерлері, ғалымдар, ауылшаруашылық университеттерінің оқытушылары және практик-ветеринарлар кіреді. Топтық кездесулер тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Бұл туралы бүгін жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдерімен кездесуінде әкімнің орынбасары Нұрлан Солтамбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда жануарларды қорғау жөніндегі кеңес құрылады

Кеңес қала әкімдігі жанынан жұмыс істейтін болады. Ол жануарлардың құқығын қорғаумен, қаланы күтіп ұстауға арналған инфрақұрылыммен, үйсіздік проблемаларымен (баспана, жануарлар популяциясын реттеу) айналысады, ең бастысы, жануарларға ізгілікпен қарау принциптерін қолдайды.

Жануарлар құқығын қорғаушылар мемлекеттік органның бастамасын қолдады.

"Біз қоғамдық кеңес құру туралы 2017 жылдан бері айтып келеміз, тіпті қамқоршылар кеңесіне ереже жаздық, бірақ ол өтпеді. Менің ойымша, бұл дұрыс көзқараспен жасалған жақсы бастама. Әкімдік тарапынан қоғамдық бақылау және ұйымдастырушылық қолдау болады", - деді INUCOBO жануарларды қорғау қауымдастығының президенті Лилия Сарсенова.

Кездесуде жаңа питомникті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері де талқыланды. Жиынға INUCOBO жануарларды қорғау қауымдастығының президенті Лилия Сарсенова, Halfwayhome жануарлар баспанасының басшысы Ганикен Дербисалиева, "Я живой" баспанасының басшысы Елизавета Липисей, "Ковчег" баспана ұйымдастырушысы Сюзанна Чуланова және т.б. қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25