Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2020

Петропавлда жедел жәрдем паркі 18 заманауи реанимобильмен толықты

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Петропавлда жаңа реанимобилдердің таныстырылымы өтіп, оған облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Петропавлда жедел жәрдем паркі 18 заманауи реанимобильмен толықты

Осыған дейін облыста 41 жедел жәрдем көлігі бар еді. Соның 10-ы заманауи. Соңғы 3 жылда 6 реанимобиль алынды. Бүгін тағы Huynday маркалы 18 реанимобиль келді. Жыл соңына дейін тағы 20 реанимобиль аудандарға жөнелтіледі. Олар қажетті қондырғылармен қамтамасыз етілген. 

"Осы күнге дейін облыс жедел жәрдеммен 76%-ға қамтамасыз етілген еді. Жаңа көліктердің арқасында 100%-ға жеткіземіз. Пандемия кезінде жедел жәрдемнің жұмысы аса маңызды. Денсаулық сақтау жүйесі індеттің екінші толқынына дайын болу керек. Біз жедел жәрдем бригадаларының санын 32-ден 50-ге дейін көбейте аламыз", деді Құмар Ақсақалов.

Жалпы, соңғы 3 жылда денсаулық сақтау саласына 113 млрд теңге, ал медициналық мекемелерге көлік алуға 633 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар биылдың өзіне 56 млрд теңге бөлу қарастырылған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп.