06 Қараша, 2013

Тәжікстанда президент сайлауында дауыс беру аяқталды

241 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

07-11-13-vybory-tadjikistan-1

Тәжікстанда елдің президентін сайлау үшін дауыс беру аяқталды. Мемлекет басшысы алдағы жеті жылға қайта сайланды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Республикада жергілікті уақытпен 20:00-де барлық сайлау учаскелері дауыс санау үшін жабылды. Орталық сайлау комиссиясы аппаратының төрағасы Абдуманон Додоев агенттік тілшісіне барлық жерде сайлаудың азаматтардың өте жоғары белсенділігімен жүргізілгенін жеткізді. Сайлауда барлығы 3,8 млн. адам дауыс беруге қатысқан. Бұл тізімген енгізілген сайлаушылардың 80,3 пайызын құрайды.

Қазір елде Эмомали Рахмонның сайланғанына ешкім күмән келтіріп отырған жоқ.Тәжік саясаттанушысы, ұлттық парламент депутаты Сухроб Шарипов осыған орай «Тәжікстан аймақтарының басым бөлігінде жұрт ешқандай басқа партия жөнінде бұрын естіп көрмеген, бірақ есесіне олардың бәрі Эмомали Рахмонды өте жақсы білетінін» айтты.

Сарапшылар сонымен қатар сайлаудың оппозициялық партиялардың қатысуынсыз өткеніне де назар аударып отыр. Сондай екі ықпалды саяси күш – Тәжікстан Ислам қайта өрлеу партиясы мен билікке оппозициялық бағыт ұстайтын Социал-демократиялық партия сайлауға қатысудан бас тартқан. Бұл шешім оппозиция ұсынған, еш партияда жоқ 61 жастағы құқық қорғаушы Ойнихол Бобоназарова кандидат ретінде тіркелу үшін өзін қолдайтын 210 мың қол жинау шегінен шыға алмай, сайлау алды жарысынан шығып қалғаннан кейін қабылданды.

Оппозиция елдің басшылығын қол жинау науқанында сайлаушыларға қысым көрсетті деп айыптайды. Ал Тәжікстан билігі оппозиция кемшілікті басқадан емес, өздерінен іздеуі керек еді, деп отыр.

«Қазіргі сайлау бұл – үлкен спектакль. Біздің жақтастарымыз онда өздерін көрермен ретінде де көргілері келмейді», - деді Ислам қайта өрлеу партиясы саяси кеңесінің мүшесі, белгілі саясаттанушы Хикматулло Сайфуллозода.

Сәкен Майлыбай.

Соңғы жаңалықтар