14 Сәуір, 2010

МАЙДАНГЕРЛЕР БІР-БІР АТ МІНДІ

667 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ел басына күн туса, ер етігімен су кешеді. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ солдаттары жанын аяған жоқ, жауымен арыстандай арпалысты. Өшпес ерліктің үлгісін көрсетті. Олар қандай құрметтерге де лайық. Созақ ауданының әкімі Созақбай Әбдіқұлов майдангерлерге, олардың жесірлері мен еңбек майданындағы ардагерлерге көрсетілетін көмектен бөлек әр майдангерге демеушілер есебінен ат мінгізді. Үйі жоғы үйлі болып, бір-бір сәйгүлік жетелеген қарт майдангерлер ерліктің бағасын білетін зиялы басшыға алғыстарын жаудырды. Бақтияр ТАЙЖАН, Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы.