Қоғам • 28 Қыркүйек, 2020

Жол картасы аясында Жамбыл облысында 9,5 мың адам тұрақты кіріс таба бастады

17 рет көрсетілді

Жамбыл облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жүзеге асырылатын жобалар арқылы 2020 жылы 9544 адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша, өңірде жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 828 жоба жүзеге асырылуда. Мұнда мектептер салынып, нысандарға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.           

Мәселен, Жамбыл ауылында 100 орындық мектеп салынып жатыр. Жобада жұмыспен қамту орталығы арқылы орналасқан 148 адам жұмыс істейді. Осылайша, қажетті іс-қимыл аяқталғаннан кейін ауыл балаларына аудан орталығына оқуға сабылудың қажеті болмайды.   

"Облысымызда жүзеге асырылып жатқан жобалардың ең көп саны маңызды әлеуметтік нысандарды қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Сонымен қатар Жол картасының арқасында біз қазірдің өзінде 9544 қазақстандыққа жұмыс табуға көмектестік", - деді Жамбыл облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков.           

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың 8 айында республика бойынша ЖҚЖК аясында барлығы 165 мың жұмыс орны құрылған 6,4 мың жобаны іске асыру басталды. Оның ішінде 100 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтылды. Жалпы, Жол картасы бойынша 255 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Сонымен қатар, ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға арқау болады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда доллар қымбаттады

Экономика • Бүгін, 11:37

Ұқсас жаңалықтар