Медицина • 28 Қыркүйек, 2020

Елімізде 39 баладан Кавасаки синдромы анықталды

52 рет көрсетілді

Бүгінгі таңда Кавасаки синдромы бойынша жағдай тұрақты екенін "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрайымы Риза Боранбаева айтып берді, деп хабарлайлы Egemen.kz

"Бүгінде 39 балада осы синдром анықталды, оның ішінде балалардың 60 пайызы сауығып, аман-есен ауруханадан шықты. Ал 40 пайызы әлі ем-дом қабылдап жатыр. Синдромның клиникалық белгілері – дене қызуының 38 градустан жоғары болуы. Ол бір тәулікке немесе одан да көп уақытқа созылады, сондай-ақ дененің бөртуі, іштің ауыруы, диарея, тыныс алу жүйесінің зақымдануы, жөтел, тыныс алу жеткіліксіздігі, ентігу, жүрек ауруы, конъюнктивит және аяқтың ісінуі секілді белгілері пайда болады", дейді дәрігер.

Риза Боранбаеваның айтуынша, үйде емделудің тиімсіз екенін атап өтті. Себебі синдром ауыр өтетінін, кейде қарқынды реанимациялық көмекті қажет ететіндігін ескертті.

Аталған белгілер байқалса, дереу учаскелік дәрігерді шақыру керектігін де еске салды.

Елімізде қанша бала Кавасаки синдромына шалдыққаны белгілі болды

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде өткен ОКҚ онлайн брифингінде Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елімізде 35 бала Кавасаки синдромына шалдыққанын мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар

Пневмониядан екі адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 10:00

Ақтөбеде бала суға батып кетті

Аймақтар • Бүгін, 09:30

Арақ сатылмайтын аудан

Аймақтар • 14 Мамыр, 2021

Ұқсас жаңалықтар