Медицина • 29 Қыркүйек, 2020

А.Цой: Академик Нұрлан Бәтпеновтің шәкірттері де науқастарды емдеуге атсалысуда

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында "Травматология және ортопедияның заманауи басым бағыттары" тақырыбында үш күндік ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

А.Цой: Академик Нұрлан Бәтпеновтің шәкірттері де науқастарды емдеуге атсалысуда

Бұл іс-шара Ұлттық ғылым академиясының академигі Нұрлан Жұмағұлұлы Бәтпеновті еске алуға арналған.

"Нұрлан Жұмағұлұлы Травматология және ортопедия ҰҒЗИ негізін қалаушы және оның алғашқы директоры. Ол өзінің бар ғұмырын осы саладағы ғылымға арнаған адам. Сол кісінің қажырлы еңбегінің арқасында елімізде эндопротездеудің инновациялық тәсілі және буын ауруларын емдеудің үздік әдістемесі тәжірибеге енді. Аз ғұмыр сүргенімен, халық үшін өлшеусіз еңбек қалдырды. Ең бастысы, Нұрлан Жұмағұлұлының ізін жалғап жатқан шәкірттері бар.Бүгінде олар науқастарды емдеуге айрықша үлес қосуда", деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі А.Цой.

Қазіргі уақытта ТОҒЗИ-еліміздегі жетекші ғылыми орталықтың бірі. Медицинаның салалық бағытына инновациялық технологиялар тетігін кіріктіріп жатқан бірегей ғылыми орталық. Ғылыми-емханалық және ағартушылық бағытты да қамтыған.

Мұнда 360 орынға арналған 14 бөлімше бар. 19 жылда 200 мыңнан астам науқасқа көмек көрсеткен. Үш күндік ғылыми тәжірибелік конференция барысында отандық және шетелдік жетекші мамандарды емдеудің үздік әдістемелері бойынша өзара тәжірибе алмасады.

Соңғы жаңалықтар