Үкімет • 30 Қыркүйек, 2020

Премьер-Министр Николай Подгузовты қабылдады

11 рет көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында 2020 жылғы ЕАДБ жұмысының алдын-ала қорытындысы және Банктің бұдан арғы жұмысының перспективалары, оның ішінде Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру келешегі талқыланды.

2020 жылдың 9 айында ЕАДБ Қазақстанда $314 млн сомасына жобаларды қаржыландыруға қатысты, жыл соңына қарай бұл көрсеткішті $335 млн дейін жеткізу жоспарланған. Қазақстанда ЕАДБ инвестициясын тартумен іске асырылған ірі жобалардың бірі Түркістан қаласында жаңа халықаралық әуежайдың салынуы және «ҮАААЖ» автомобиль жолын салу және пайдалану жобасы» болды. 

Қазақстанда Банк портфеліндегі жобалардың жалпы көлемі 2020 жылдың қорытындысы бойынша $1,5 млрд деңгейінде болжануда. Инвестициялық портфельдің салалық құрылымында ең көп үлесті энергетика (20%), көлік (20%), тау-кен өндірісі өнеркәсібі (23%), машина жасау (5%), қаржы секторы (5%) жобалары алады.

Қазақстан Үкіметінің басшысы ЕАДБ-ның АӨК, өнеркәсіп, көлік, энергетика және ҚР экономикасының басқа да салаларының перспективалық жобаларына қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға күш салу және жоба алдындағы қызметке баса назар аудару қажет екенін атап өтті.

Кездесу барысында 2020 жылғы маусымда құрылған ЕАДБ Цифрлық бастамалар қорының жұмыс істеу мәселелері, сондай-ақ Банктің «Қазақстан – Ресей» шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасын іске асыруға қатысу перспективалары қаралды. Биыл желтоқсан айында өтетін Бірінші Еуразиялық конгреске дайындық барысы талқыланды, оның басты оқиғасы ЕАЭО елдерінің үкіметтер басшыларының «Экономикалық прагматизм және өзара тиімділік еуразиялық экономикалық интеграцияның негізі ретінде» пленарлық сессиясы болмақ. 

Кездесуге ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Ә. Смайылов қатысты. 

Соңғы жаңалықтар

Тыңғылықты дайындық бар

Қоғам • Бүгін, 08:26

Тұтынушыларға тікелей сата алады

Экономика • Бүгін, 08:17

Аймақта діни ахуал тұрақты

Аймақтар • Бүгін, 07:33

Сүйем сені, беу өмір!..

Руханият • Бүгін, 07:25

Құдықсай ауылы көмір тасып алды

Аймақтар • Бүгін, 07:24

Көпбалалы ананың кір сабыны

Экономика • Бүгін, 07:23

Махаббат сағызы

Руханият • Бүгін, 06:58

Алғаш рет әуеге көтерілді

Аймақтар • Бүгін, 06:51

Өз еліңдей ел болмас

Руханият • Бүгін, 06:50

Дағдарыс кезіндегі SEO

Технология • Бүгін, 06:34

Түз тағысын тізгіндеген

Қоғам • Бүгін, 06:31

Ұқсас жаңалықтар