Руханият • 01 Қазан, 2020

АҚШ телеарнасы Димаштың қазақ тіліндегі бейнебаянын көрсетеді

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

MTV USA телеарнасында Димаш Құдайбергеннің қазақ тілінде шырқаған әнінің бейнебаяны көрсетіледі. Осылайша, Димаш – MTV-да өз тілінде ән шырқаған тұңғыш қазақстандық әнші атанғалы отыр, деп хабарлайды Egemen.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

АҚШ телеарнасы Димаштың қазақ тіліндегі бейнебаянын көрсетеді

Бұл ретте, бейнебаянды MTV USA арнасының ресми YouTube желісі арқылы АҚШ-тан өзге кез келген ел тамашалай алады.

"Менің тыңдармандарыма, әлемнің әр түпкіріндегі өнерімді бағалайтын жанкүйерлеріме шын жүрегіммен алғыс айтамын. Олар менің бала арманымның орындалуына себепкер болды. Қазақстан ғана емес, төрткүл дүниедегі Dear-ларымның қолдауына разымын. Құрметім мен алғысым шексіз", деп лебізін білдірді әнші.

Бейнебаян бүгін Нью-Йорк уақытымен 17:00 мен 20:00 аралығында, ал Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 03:00 мен таңғы 06:00 аралығында жүктелетіні белгілі болып отыр. Бұл – Америкада жұма күнгі прайм-тайм уақыт. Дәл осы уақытта MTV арнасын ең көп көрермен қарайды.