Әлем • 01 Қазан, 2020

Түркияда 9 жастағы отандасымыз жол апатынан қайтыс болды

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда 9 жастағы отандасымыз жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркияда 9 жастағы отандасымыз жол апатынан қайтыс болды

28 қыркүйекте Түркияның Аланья қаласында қайғылы оқиға орын алып, 9 жастағы баланы автокөлік қағып кетті. Сөйтіп ол оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған оқиға жергілікті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбада автокөлік соққысынан бала бірнеше метрге лақтырылғаны байқалады. Оны ауыр халде Аланьядағы Алааддин Кейкубат университетінің ауруханасына жеткізді.

Әйткенмен, көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, отандасымызды дәрігерлер құтқара алмады.