"Өткен тәулік динамикасы өлім-жітімнің төмендеуін көрсетеді. Сонымен, өткен тәулікте құстардың қырылуы Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Шымкентте тоқтады. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында өлім деңгейі төмендеуде", деді ол.
Жалпы, құс өлімі 7 облыстың 41 ауданындағы 99 елдімекенде тіркелді. 23 854 бас жеке шаруа қожалықтарында жойылды. Екі құс фабрикасындағы өлім-жітімді есепке алғанда, өлген құстардың жалпы саны 330 мың бастан аспайды.