Медицина • 01 Қазан, 2020

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің саны 182-ге жетті

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің саны 182-ге жетті

"Пандемия басталғалы Қазақстан бойынша коронавирустан 182 медицина қызметкері қайтыс болды. Өңірлік комиссия өкілдері бүгінге дейін індеттен қайтыс болғандардың туыстарына өтемақы төлеу бойынша 58 өтінішті мақұлдаған. Әзірге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан көз жұмған 36 медицина дәрігерінің жақындарына 10 млн теңгеден өтемақы төленді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады", деді министр.

Министрдің мәліметше, 30 қыркүйектегі жағдай бойынша COVID-19 және пневмониямен ауырған 12 830 медицина қызметкері тіркелген, оның ішінде 8 339 жағдай кәсіби қызметін атқару барысында болған. Өңірлік комиссиялар 8 320 істі қарады және мұндай жағдайлардың 67%-ын растады.

Бүгінгі таңда медициналық қызметкерлердің 88%-ы немесе аймақтық комиссия деңгейінде расталған жағдайлардың 3 454-і COVID-19 бойынша өтемақы алған.