Әлем • 02 Қазан, 2020

Ташкентте "Abai Uii" мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуы өтті

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте "Abai Uii" мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және  даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ташкентте "Abai Uii" мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуы өтті

2020 жылғы 1 қазан күні "Отандастар қоры" КеАҚ Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп, Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен онлайн-форматта Ташкент қаласында (Өзбекстан) "Abai Uii" қазақ мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуын өткізді.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет Департаментінің кеңесшісі Бауыржан Тоққұлов, "Отандастар қоры" КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов, Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің кеңесшісі Руслан Дүйсенов, сондай-ақ Өзбекстандағы қазақ қауымының өкілдері және т. б. қатысты.

Іс-шара аясында "Abai Uii" қазақ мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтті, сондай-ақ Өзбекстандағы қазақ қоғамдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

"Отандастар қоры" КеАҚ шетелде "Abai Uii" қазақ мәдени-іскерлік үйлерінің желісін ашу жұмысын жалғастыруда. Өткен аптада Омбы қаласында (РФ) "Abai Uii" қазақ мәдени-іскерлік үйінің ашылуы ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін Бішкек қаласында (Қырғызстан), Берлин қаласында (Германия), Ыстамбұл қаласында (Түркия) тағы 3 "Abai Uii" қазақ мәдени-іскерлік үйінің ашылуы жоспарланып отыр.