Ересектер арасындағы турнирлер 2021 жылдың 16 қаңтарынан бастап 21 мамырына дейін жалғасады. Осы аралықта ерлер мен әйелдер арасында шпага және саблядан 4 әлем кубогі кезеңі өткізіледі.
Сондай-ақ, рапирамен семсерлесуден әлем кубогінің үш кезеңі жоспарланған. Аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирлері 15-19 сәуірде, аймақтық чемпионаттар 2021 жылдың 1-15 маусымы аралығында ұйымдастырылады.