Аймақтар • 02 Қазан, 2020

Павлодар облысының әкімі үздік мұғалімдерді марапаттады

530 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Павлодардағы Достық үйінде облыстың үздік мұғалімдері марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының әкімі үздік мұғалімдерді марапаттады

Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов педагогтарды келе жатқан Мұғалімдер күнімен құттықтады.

"Сіздерге зор денсаулық, толайым табыстар мен сарқылмас күш-қуат тілеймін. Күш пен шыдамдылық барлығыңызға осы жылы аса қажет болды. Сіздер оқытудың жаңа форматына тез және кәсіби түрде бейімделе алдыңыздар. Кезекті рет өздеріңіздің білім мен тәрбие беруге ұмтылатындарыңызды көрсеттіңіздер. Білімді ұлт тәрбиелеу – біздің ортақ міндетіміз", деді облыс әкімі.

IMG_5361.jpg
Облыс әкімі өскелең ұрпақтың басты міндеті – сапалы, дамыған, икемді дағдыларға ие болу екенін атап өтті.

"Яғни, сіз бен біз балаларды талдауға, дұрыс қорытынды жасауға, нақты шешім қабылдауға үйретуіміз керек. Бұл заманауи әлемдегі әрбір бала мен болашақ ұрпақта болуы керек, қазіргі кезде өте қажет дағдылар. Менің ойымша, бұл оқу процесінде мектептің маңыздылығын жоққа шығаруға болмайды. Мектепке дейінгі, орта және қосымша білім қаншалықты күшті болса, соғұрлым бала жан-жақты дамыған тұлға болып өседі", деп санайды Әбілқайыр Сқақов.

IMG_5428.jpg
Еске салайық, биыл Павлодар облысы әкімдігі тарихта алғаш рет "Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісін тағайындады. Төсбелгі Ертіс өңірінің 15 үздік мұғаліміне табысталды. Әр марапат 1000 АЕК мөлшеріндегі сыйақымен қамтамасыз етілген. Бұл шамамен 2,7 миллион теңгені құрайды. Жыл соңына дейін тағы 35 мұғалім дәл осындай төсбелгіге ие болады.

-Мүмкін біреу қарапайымдылығын көрсетіп, өз жұмысын байқауға жібермеген шығар. Мен мұғалімдер көбіне қарапайым, еңбекқор, балаларға да, ересектерге де құрметпен қарайтын адамдар екенін білемін. Оқушыларыңыз өз жетістіктерімен қуанту үшін сіздер одан әрі шығармашыл, нәтижеге баса назар аударатын ұстаздарға айналуларыңыз маңызды. Менің ойымша, бұл – Павлодар облысында пайда болған игі дәстүрдің бастамасы. Бұл бастама Қазақстанда алғашқылардың бірі болып табылады. Бұл ісімізді басқа аймақтар алып кетуі әбден мүмкін.

IMG_5442.jpg
Сондай-ақ мереке қарсаңында мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрлігінің марапаттарына ие болды: "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі және "Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі".

Сонымен қатар, облыстық "Жыл мұғалімі" және "Жыл тәрбиешісі" байқауларының жеңімпаздары марапатталды.