Аймақтар • 02 Қазан, 2020

Алматыда екі айдың ішінде заманауи госпиталь салынды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі айдың ішінде 300 төсек-орынға арналған, соның 30-ы реанимациялық, екінші модульді жұқпалы аурулар госпиталі салынды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасына жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда екі айдың ішінде заманауи госпиталь салынды

"Екі айдың ішінде 300 төсек-орынға арналған, соның 30-ы реанимациялық, екінші модульді жұқпалы аурулар госпиталі салынды. Барлық төсектер медициналық газбен жабдықталған. Емделушілердің халі госпитальдегі автоматтандырылған "ақылды"  жүйе арқылы нақты уақыт режімінде тәулік бойы қадағаланады", дейді қала әкімі Б.Сағынтаев.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, клиниканың КТ, рентген, УДЗ-аппараттары мен жеке зертханасы бар. Мұнда ПТР диагностиканы қоса алғанда зерттеулердің барлық түрлері жүргізілетіні туралы бөлісе кетті.

Сондай-ақ ол емханадағы блокты аймақтардың болуы, жедел жәрдем көліктерін дезинфекциялау, ағынды суларды залалсыздандыру мен медициналық қалдықтарды кәдеге жарату сынды технологиялық шешімдер аурухананың санитарлық әрі экологиялық қауіпсіздігінің жоғары деңгейде екенін атап өтті.