Қоғам • 02 Қазан, 2020

ЕХӘҚМ-де адам саудасына қарсы тұру мәселесі талқыланды

244 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бейнеконференция тәртібінде заңсыз адам әкету немесе әкелу, саудалауға қарсы күрес мәселесі бойынша ведомствоаралық комиссияның 38-отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЕХӘҚМ-де адам саудасына қарсы тұру мәселесі талқыланды

Кездесу барысында Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Жоғарғы соттың, Әділет және Денсаулық сақтау министрліктерінің, жергілікті атқарушы орындардың өкілдері баяндама жасады. Қазақстандағы адам саудасына қатысты ахуал және оған қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды. Сонымен қатар кеңесте, Халықаралық көші-қон ұйымының сарапшылары, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізуге бастама көтеру мақсатында жүргізген зерттеу нәтижесі қаралды.

Қазақстанда адам саудасына қарсы жұмыс, 2003 жылдан бастап, ҚР Үкіметінің адам саудасына байланысты қылмыстармен күрес, алдын алу және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында жүргізіліп келеді.

Адам саудасының құрбандарына арналған арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты, 2016 жылы, пилотты тәртіпте адам саудасының құрбандарын табудың үлкен үлесіне ие аймақтарда әзірленді және енгізілді: Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана мен Алматы қалалары.

Кейінгі жылдары адам саудасының құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтер Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және тағы басқа өңірлерде көрсетілді.

2016-2019 жылдар аралығында 600-ден астам адамға жалпы сомасы 288 млн теңгеден астам қызмет көрсетілді. Жергілікті атқарушы орындардың мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 1-ші жартысында 80 адам арнайы әлеуметтік қызметті алды.

ЕХӘҚМ мүдделі орынармен және ұйымдармен бірлесіп, 2020-2021 жылдарға арналған заңсыз әкетуге, әкелуге және адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның жұмыс жоспарын әзірлеуде.

Еске сала кетейік, өзара іс-қимылды үйлестіру үшін комиссияның төрағалығы ауыспалы негізде болады. 2014-2015, 2018-2019 жылдары оны ҚР  ІІМ жүзеге асырды, 2016-2017 жылдары, сонымен қатар ағымдағы жылдан 2021 жылға дейін ҚР ЕХӘҚМ атқаруда.