Әлем • 02 Қазан, 2020

Қазақстан мен Испания ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті

574 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Константин Жигалов Испания Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Кристина Гаякпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Испания ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті

Кездесу барысында тараптар өзекті халықаралық мәселелер мен мемлекеттер арасында орнатылған стратегиялық серіктестікке сәйкес екіжақты күн тәртібін, соның ішінде шарттық-құқықтық базаны кеңейту, сонымен қатар БҰҰ мен ЕҚЫҰ шеңберінде өзара қолдау мәселелерін талқылады.

Жаһандық мәселелерді талқылау шеңберінде Елші К.Гаякты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөйлеген сөзінің негізгі үзінділерімен таныстырды.

Испания мен Қазақстан басшылықтарының экономиканы тұрақтандыру, оны індет пен коронавирустан кейінгі кезең аясында ынталандыру мен қайта құрылымдау бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпаратпен алмасты. Осыған орай сұхбаттасушыны Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Қазақстан мен Испания жаһандық белсенділік қарқынының жалпы төмендеуіне қарамастан, екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тиісті деңгейде қолдауды жалғастыруда.

К.Гаяк 2021 жылы Қазақстанға сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі саяси консультациялар өткізу мақсатымен ҚР-ға сапармен келуге дайындығын білдіріп, жоғары деңгейдегі сапарларды пысықтау жұмысын жалғастырудың қисындылығын атап өтті.

Сондай-ақ, тараптар Mercasa компаниясының тәжірибесімен ұқсастығы бойынша Қазақстанда көтерме-тарату орталықтарын (КТО) құру жобасының ілгерілеуін және жасыл экономика және экология саласындағы тәжірибемен алмасуды қанағаттанушылықпен атап өтті.

Нұр-сұлтан қаласында ірі су шаруашылығы компаниясы "Aqualia FCC"-мен бірге жаңа кәріздік-тазарту құрылыстары мен нөсерлік ағындарды жаңғырту және салу жөніндегі жобаның болашағы ерекше атап өтілді.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың қолданыстағы құралдарының тиімділігі мен маңыздылығын атап өтті. Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Испания үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) және "Қазақстан-Испания" Іскерлік Кеңесі (ІC). ҮАК пен ДК-нің келесі отырыстары жақын арада өтеді деген үміт білдірілді.

Тараптар экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-испандық үкіметаралық комиссия мен "Қазақстан-Испания" Іскерлік кеңесін дамыту үшін қолданыстағы құралдардың тиімділігі мен маңыздылығын атап өтті.

Мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты жемісті ынтымақтастықты атап өтіп, тараптар қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізудің және оның испан тіліндегі мұраларын испан кітапханаларына берудің маңыздылығын қанағаттанушылықпен атап өтті. Осы бағытта қазақ прозасы мен поэзиясының антологиясының испан тілінде басылғандығы қошеметтелді.