Аймақтар • 02 Қазан, 2020

Қарағанды қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Халел Әкімжанов тағайындалды.

Қарағанды қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Халел Әкімжанов жаңа қызметте экономика, қаржы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және инвестиция тарту мәселелеріне жетекшілік ететін болады Х. Әкімжанов 1991 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін үздік бітірген.

2015 жылдан бастап 2020 жылға дейін «Astana» ӘКК» АҚ қызмет атқарды. Онда Активтерді басқару департаментінің жетекші менеджері, басқарушы директор-басқарма мүшесі қызметтерін атқарды. Соңғы тағайындауға дейін «Сарыарқа «ӘКК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. Қазақ, орыс, ағылшын және чех тілдерін еркін меңгерген.