Аймақтар • 03 Қазан, 2020

Атырауда Жастар саябағы ашылды

1073 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жайық өзені жағалауының екі атауы бар. Біріншісі – Еуропа, екіншісі – Азия. Жаңа саябақ жағалаудың Еуропа бөлігінде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда Жастар саябағы ашылды

Саябаққа 6,5 гектар жер бөлінген. Онда жүгіру, велосипед, жаяу жүргіншілер жолы салынды. Жайық өзенінің Бейбарыс көшесіндегі көпірден Жастар саябағына дейін абаттандырылған жағалауы пайдалануға берілді. Оның ұзындығы 1861 метрді, аумағы 7,86 гектарды құрайды. Жағалауда үш субұрқақ, "Атырау қаласының символы", "Шаңырақ" түріндегі стела туындылары, архитектуралық аркалар орнатылды. Балалар алаңы, сауда орындары, пандустар, көлеңкелі шатырлар жағалаудың сәнін келтіріп тұр.  

Сондай-ақ, облыс әкімдігінің алдындағы екі пирс жөнделіп, субұрқақ қайта жаңартылды. Бұл жұмыстың бәрін "NCOC" компаниясы қаржыландырды.