09 Қараша, 2013

Кадрларды кешенді даярлау – бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі

346 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

02-мажилисМәжілісте палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының жетекшісі Жұматай Әлиев Премьер-Министр Серік Ахметовке депутаттық сауал жолдады. Онда төмендегі мәселе көтеріледі:

«Осы сауал біздің ұлтаралық келісім саласындағы көпжылдық тәжірибеміз негізінде ғана емес, сонымен қатар, еліміздің білім, ғылым, кәсіптік-техникалық және ғылыми-педагогикалық кадрларын даярлау және жұмысқа орналастыру саласында орын алып отырған үрдістерге байланысты туындап отыр.

 

Мәжілісте палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының жетекшісі Жұматай Әлиев Премьер-Министр Серік Ахметовке депутаттық сауал жолдады. Онда төмендегі мәселе көтеріледі:

«Осы сауал біздің ұлтаралық келісім саласындағы көпжылдық тәжірибеміз негізінде ғана емес, сонымен қатар, еліміздің білім, ғылым, кәсіптік-техникалық және ғылыми-педагогикалық кадрларын даярлау және жұмысқа орналастыру саласында орын алып отырған үрдістерге байланысты туындап отыр.

Былтырғы жылы республика бойынша колледждер түлектерінің орташа есеппен 65 пайызына жуығы жоғары оқу орындары­на түсуге арналған кешенді тестілеуден өтпеді. Оларға әртүр­­­лі негіздемелермен, мектеп директорларының рейтингтердің төмендеуіне жол бермеу себе­бі­нен (бұл үнемі төнген қауіп үшін оларға әкімшілік жаза қол­да­нылатындықтан) Бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыруға жіберілмеген республика мектептерінің 30% түлектерін қосайық.

Атап өткен жасы 17-18-дегі жастар республикадан тыс көрші мемлекеттерге оқуға кету туралы шешім қабылдайды, олар­дың кейбіреуі Отанына қайта оралмайды, ал қалған бір бөлігі жұмыссыздардың қата­рына қо­сы­лады. Сонда бұл демо­гра­фиялық және ұлттық проблема емес пе? Біздің жасөспірім ұл-қыздарымыз, өскелең ұр­пағымыз үшін моральдық және адамгершілік жауапкершілігіміз қайда? Елімізде білім беру ме­кемелері түлектерін жұмысқа орналастырумен кім айналысады? Жұмыспен қамтылмаған жастар, әсіресе, біздің көпұлтты елімізде қауіпті болып табылатын әртүрлі секталар мен діни-экстремистік құрылымдардың қатарына қосылмайтынына кім кепілдік береді? Біз ешқашан мұны ұмытпауымыз керек. Жас ұрпақтың болашағын жасанды түрде алып қоймауымыз керек. Министрліктердің, әкімдіктердің, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын оңтайландыру, корпо­ративтік секторды, үкіметтік емес ұйымдарды, саяси партияларды мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының түлектеріне білім беру, қайта даярлау және жұмысқа орналастыру үшін ортақ жауапкершілікке шақыруды маңызды деп есептейміз. Кеңес өкіметінен кейінгі елдерде «ақыл-ойдың жылыстауы» қалай басталғанын көбіміз білеміз. Ғылым кандидаттары мен докторлары базарларда тұрып, ғылыми атақтар мен дәрежелер талап етілмеген кез болды. Дәл осы кезеңде шетелдік жарылқаушылар пайда болды, олар ең талантты ғалымдар мен мамандарды ұмтыла іріктеп, шетелге жіберді. Мәселен, ресейлік талдаушылардың деректері бойынша, бір ғана Сорос мырза Ресейден Америкаға 3 мыңнан астам жас ғалымдарды «экспорттаған», қазіргі кезде олар көптеген инновациялық орталықтар мен компаниялардың, соның ішінде Силикон алқабының ұйытқысы болып табылады.

Қаншама біздің отандасымыз шетелдік орталықтар мен зертханаларда жұмыс істеп жүр. Мысалы, білесіздер, біздің отан­дасымыз, физик-ядролық қару шығарушы Рүстем Оспанов, өкінішке қарай, ресейлік ғылыми мектептің мүддесін білдіріп, Үлкен андрондық коллайдер жобасымен жұмыс істеуде. Осындай жігіттерге елімізде, әсіресе, бұл үшін өте жақсы жағдай жасалып жатқан «Назарбаев университеті» ғылыми-инновациялық кластер негізінде неге жағдай туғызбасқа?

Сондай-ақ, мынадай айтар­лықтай маңызды проблемаға назар аударуды қажет деп есептейміз. Неге Қазақстанның гранттық қаржыландыру бағдарламалары міндетті түрде «сыртқы сараптаманы» шетелдік орталықтардан алып, содан кейін ғана іске асырылуы тиіс? Біз өз технологияларымызды, ғылыми жаңалықтарымызды, идеяларымызды өз қолымызбен бөгде қолға беріп жатқан жоқпыз ба? Біздің ойымызша, бұл жерде сараланған, жан-жақты және байыпты көзқарас қажет.

Үкімет PhD даярлау қағи­дат­тарын қайта қарауы қажет деп есептейміз. Мәселен, гума­ни­тарлық ғылымдарды алайық. Докторанттарға шетелдік журналдарда (Скопус, Томсон Рейтерс) жариялануды директивті тәртіпте міндеттеу керек пе? Біріншіден, бұл едәуір ақшаны, уақытты талап етеді. Және де, ең бастысы, неге тарихымыздың, мәдениетіміздің және т.б өзекті мәселелерін талқылау үшін бізге өзіміздің ақпараттық базаларымызды, бәсекелі алаңдарымызды құрмасқа? Қазақ ұлтын тануды, абайтануды, әуезовтануды және көпұлтты Қазақстан халқының басқа да байырғы құндылықтарын қазақстандықтардан артық кім біледі?

Магистранттардың, PhD-докторлардың басым көпшілігі қазіргі кезде не өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді, не жекеменшік секторға, не шетелдік компанияларға кетеді.

Еліміздің прогрестік дамуының көрсеткіші ретінде ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу – Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың көп жа­ғынан жеке зор еңбегі, Ел­басымыздың әлемдегі беделі аса жоғары екені сөзсіз. Оның рес­публиканы жоғары технология­лы, индустриялы мемлекеттер деңгейіне жеткізуге ұмтылысы барлық орталық атқарушы органдардың, квазимемлекеттік құрылымдардың іс-қимылдары мен жұмысын талап етеді.

Қазіргі заманғы әлемнің үде­мелі елдері өз экономикаларын шикізат ресурсының баламасы – интеллектілік ресурсқа әлдеқашан қайта бағдарлады. Еліміздің интеллектілік элитасының бола­шақ класын дамыту және бүкіл халқымыздың өмір сүру сапасын арттыру үшін мектеп, колледж немесе жоғары оқу орнының жеке алған түлегінің жаңа білімін өндіру бойынша өзіміздің үлгімізді, қатынастар жүйесін әзірлеу қажет. Ғылым мен өндірістің басым салаларында кадрларды кешенді даяр­лау бағдарламаларын қабылдау қажет».

Сауалға «Қазақстан халқы Ассамблеясы»

депутаттық тобының 20 мүшесі де қол қойған.