Синоптиктер болжамынша, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Елдің солтүстігінде, шығысында түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Ал өзге аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы болжанған.
Жалпы ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, шығыста көктайғақ болады. Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жылы температура сақталады. Сондай-ақ Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деп болжанған.