Парламент • 04 Қазан, 2020

Мәжіліс Төрағасы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин өзінің Twitter-дегі парақшасында ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәжіліс Төрағасы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

"Ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтаймын! Осындай қиын кезеңде де сіздер ұрпаққа білім беріп, ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. Сіздерге алғысымыз шексіз. Баршаңызға зор денсаулық, ырыс-құт, береке тілеймін!", деді Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ Палата Спикері Парламентте "Педагог мәртебесі туралы" арнайы заңның қабылданғанын және мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын арттыруға ықпал еткенін атап өтті.