09 Қараша, 2013

Заң жобалары мұқият әзірленуі тиіс

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кешегі Мәжіліс бюросында алдағы жалпы отырыс­та қаралатын мәселелер белгіленді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

 

Кешегі Мәжіліс бюросында алдағы жалпы отырыс­та қаралатын мәселелер белгіленді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Депутаттар салалық комитеттерде қорытынды әзірлеу мезгілдерін нақтылайтын бір топ заң жобасы қалыптастырылды. Ал палатаның күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықара­лық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Елбасы шұғыл деп жариялаған заң жобасы қосылды.

Жалпы отырыстың күн тәр­тібіне бірінші оқылымға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құ­рылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізіліп отыр. Сондай-ақ, депу­таттарға атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы екінші оқылымға ұсынылмақ.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин салалық комитеттерге палатаның жалпы отырысына шығарылатын заң жобаларын мұқият әзірлеуді тапсырды.