Әлем • 05 Қазан, 2020

Kenzo сән үйінің негізін қалаған дизайнер коронавирустан көз жұмды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Kenzo сән үйінің негізін қалаған жапониялық дизайнер Кендзо Такада коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC News агенттігіне сілтеме жасап.

Kenzo сән үйінің негізін қалаған дизайнер коронавирустан көз жұмды

Кендзо Такада 81 жаста болған. Ол Франциядағы ауруханалардың бірінде көз жұмды. Дизайнер 1939 жылы Осаканың маңында дүниеге келген. 1965 жылы Жапониядан көшіп барған. 1970 жылы оның әйелдерге арналған алғашқы киім үлгілері Парижде үлкен қызығушылық тудырды.

Кендзоның көрмесіне қатысқан модельдердің бірін ELLE журналы өз мұқабасына орналастырды. Бірінші сәтті көрсетілімнен кейін Кендзоның сән әлеміндегі мансабы бірден арта бастады.

1

1983 жылы ол ерлер киімін шығарды, ал бірнеше жылдан кейін спорттық және әртүрлі үлгідегі киімдері - Kenzo Jeans және Kenzo Jungle.

1993 жылы Такада Kenzo брендін LVMH конгломератына сатып, алты жылдан кейін ол үлкен сәннен шығып қалды.