Парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында қазақстандық парламентшілер Мәулен Әшімбаев пен Камал Бұрханов Иран Ислам Республикасында сапармен болды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Сапар аясында Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы М.Әшімбаев пен палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі К.Бұрханов Иран Ислам Республикасының Консультативтік кеңесінің (парламент) төрағасы А.Лариджанимен, Ислам Консультативтік кеңесінің Сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша комитетінің төрағасы А.Бруджердимен кездесті.
Сонымен қатар, олар Иранның Парламентаралық байланыстар мен консулдық істер бойынша сыртқы істер министрінің орынбасары Х.Кашкави және «Иран-Қазақстан» парламентаралық ынтымақтастық тобының төрағасы М. Санаимен, Иран Ислам Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер орталығының жетекшісі Х.Ашенмен жүздесті.
Тараптар кездесулер барысында Қазақстан-Иран парламентаралық ынтымақтастығын нығайту, халықаралық және аймақтық саясат мәселелері бойынша көзқарастарымен бөлісті.