09 Қараша, 2013

Қазақстан – Иран: Парламентаралық байланыстар байламы жоғары

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында қазақстандық парламентшілер Мәулен Әшімбаев пен Камал Бұрханов Иран Ислам Республикасында сапармен болды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

 

Парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында қазақстандық парламентшілер Мәулен Әшімбаев пен Камал Бұрханов Иран Ислам Республикасында сапармен болды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Сапар аясында Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы М.Әшімбаев пен палатаның Әлеу­­меттік-мәдени даму комитетінің мүшесі К.Бұрханов Иран Ислам Республикасының Консультативтік кеңесінің (парламент) төрағасы А.Лариджанимен, Ислам Кон­­суль­тативтік кеңесінің Сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша комитетінің төрағасы А.Бруджердимен кездесті.

Сонымен қатар, олар Иранның Парла­ментаралық байланыстар мен консул­дық істер бойынша сыртқы істер минис­трі­нің орынбасары Х.Кашкави және «Иран-Қазақстан» парламентаралық ынты­­мақ­тастық тобының төрағасы М. Санаи­мен, Иран Ислам Республикасы Прези­ден­ті жанындағы стратегиялық зерттеулер орталығының жетекшісі Х.Ашенмен жүздесті.

Тараптар кездесулер барысында Қа­зақ­стан-Иран парламентаралық ынты­мақтастығын нығайту, халықаралық және аймақтық саясат мәселелері бойынша көзқарастарымен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар