09 Қараша, 2013

Кәсіподақтар қызметіне батылдық қажет

400 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

01-касиподакПарламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, әлеуметтік жаңғырту еңбек қатынастарын жетілдіруді талап етеді. Сондықтан қазақстандық кәсіподақтардың қозғалысын жаңғыртуды батыл жүргізу керек.

 

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, әлеуметтік жаңғырту еңбек қатынастарын жетілдіруді талап етеді. Сондықтан қазақстандық кәсіподақтардың қозғалысын жаңғыртуды батыл жүргізу керек.

01-касиподак

Біз Президенттің кәсіподақтардың қозғалысын жаңғыртуды өткізу туралы ұсынысын қолдауға тиіспіз, себебі, бүгінде кәсіподақтар жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын, кәсіподақтардың құқықтары мен еркіндіктерін бұзуына толық қарсы тұра алмайды. Еңбекақыны өсіруде және оны төлеудегі әділетсіз диспропорцияларды жоюда, сондай-ақ, жұмыссыздықты қысқартуда кәсіптік одақтардың ықпалы өте әлсіз.

Кәсіподақтарға берілген еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайын қоғамдық бақылаудың заңды құқығы қажетті деңгейде қолданылмайды. Қоғамдық-саяси өмірдегі кәсіптік одақтардың рейтингі аса жоғары емес, олар еліміздегі жалдамалы жұмыс­шылардың көбін біріктірмейді. Құрылымдық, кадрлық және қаржылық жұмыстар жетілдірілмейді. Әртүрлі деңгейлі кәсіподақтарды үйлестіру және өзара әрекеттестік мәселелері баяу шешілуде, қозғалыстың шынайы бірлігі қамтамасыз етілмеген.

Еңбекақы төлеу саласындағы кәсіптік одақтардың саясаты еңбекақы төлеу саласындағы еңбек өнімділігін арттыруға байланысты еңбекақыны көтеруге, салалық және аймақтық дәрежедегі еңбекақы төлеуде қалыптасқан жоғары диспропорцияны жоюға, «көлеңкелі» еңбекақы беруді түбегейлі жоюға бағытталуы тиіс.

Жағдайды түзету үшін барлық дәрежедегі әлеуметтік серіктестікте нағыз теңдікті сақтауға, тараптардың мүдделері мен жауапкершіліктерін құрметтеуге ұмтылу қажет деп санаймын. Мемлекеттік органдар әлеуметтік-экономикалық сипаттағы көптеген маңызды шешімдерді кәсіподақтардан алдын ала кеңес алмастан біржақты тәртіппен қабылдайтын жағдайларды төзбестік деп санау керек.

Кейбір кәсіподақтар заңды тұлға мәртебесін алған соң аумақтық та, салалық та кәсіптік одақтардың құрамына кірмейді. Яғни, «автономды» түрде қызмет етеді. Ал кейбір осындай кәсіптік бірлестіктер тағы да ешқайда тіркелместен, өз қауымдастықтарын құра бастады.

Мен Қазақстан Кәсіподақтары феде­­рациясы кеңесінің мүшесі болып табыламын және үнемі кәсіптік одақ бірлігіне шақырамын. Еліміздің өндірістік, ғылыми-білім беру, мәдени элитасының әлеуеті шоғырланған ірі мегаполистің кәсіптік одақтары Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақтар федерациясымен бірлікте жұмыс істеуі тиіс.

Сонымен қатар, кәсіптік одақтар мен жергілікті билік органдары ара­сындағы әріптестіктің оң тә­жірибесі де бар. Мысалы, кәсіподақтар мен Алматы әкімдігінің арасындағы аймақ­тық келісімнің аясында тарап­тардың пікірлерін ескере оты­рып, тұр­мыстық-коммуналдық қыз­мет­­тер мен қоғамдық көлікте жүру тарифін бекіту, ҰОС мүшелері мен мүгедектерін, зейнеткерлерді, оқитын жастар мен халықтың басқа да әлеуметтік қорғалмаған санаттарын жол ақысындағы жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін жолаушылар тасымалдаушы көлік мекемелеріне төленетін бюджеттік дотация мөлшерлерін белгілеу келісіміне келді.

Құрамына жоғары оқу орны қызметкерлері мен студенттерінің 130 мыңнан астамы мүшелікке енген «Парасат» білім және ғылым қыз­меткерлерінің Алматы қалалық кәсіптік одағы үшін жастар, әйелдер және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен сындарлы арақатынасты реттеу өте өзекті болып табылады. Соңғы жылдары «Нұр Отан» ХДП АҚФ-мен тығыз қарым-қатынас орнаттық. Кәсіподақ партиямен бірге сыбайлас жемқорлықпен, кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жұмыстарын жүргізуде.

2013 жылдың 28 қаңтарында кәсіп­одақ белсенділерімен кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Бүгінгі кәсіподақтар – бұл азаматтық қоғамның маңызды бөлігі, ол шынайы әлеуметтік мемлекет құруды қолдайды. Бұл – мемлекет пен жұмыс берушілер үнқатысуының тұрақты серіктесі. Бұл қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауды қолдайтын заңды жетілдірудің тең авторы». Жаңа заңның қазіргі қазақстандық кәсіподақтардың Елбасымыз берген жоғары бағаға сай келуіне ықпал ететіндігіне сенімдімін.

Данат ЖАҢАТАЕВ,

«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық

Филиалы саяси кеңесінің мүшесі, «Парасат»

білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы

Алматы қалалық ұйымының төрағасы,

профессор.

Соңғы жаңалықтар