ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы миссиясы байқаушыларының құрамына Мұрат Бақтиярұлы кірген болатын. ТМД ПАА халықаралық байқаушылар тобы парламенттік сайлауға үміткерлер ұсынған бірқатар саяси партиялардың өкілдерімен кездесті. Қырғызстанда ТМД-ның 8 мемлекетінен 151 байқаушы тіркелген болса, ТМД ПАА-ның тобы атынан 47 адам өкілдік етуде.
Сенат депутаты Динар Нөкетаева Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан байқаушылар миссиясының құрамына енді. ТүркПА байқаушылары Қырғызстанның Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының басшылығымен, сондай-ақ саяси партиялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Сенатор Динар Нөкетаева «Қазіргі заманғы технологиялар: Қырғыз Республикасындағы сайлаудың ашықтығы мен нақтылығын қамтамасыз ету» конференциясының жұмысына қатысты.
Бақытжан Жұмағұлов өз кезегінде ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы байқаушыларыныңқұрамына кірді.