Қоғам • 06 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанға ұшып келген 170 жолаушы стационарларға жіберілді

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтанға ұшып келген 170 жолаушы стационарларға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанға ұшып келген 170 жолаушы стационарларға жіберілді

Айта кетейік, елордаға ұшар алдында 170 жолаушыда ПТР тестілері болмаған.

"Бүгін Нұр-Сұлтан әуежайына төрт ұшақ қонды, Turkish Airlines, Air Astana және Flydubai авиакомпаниялары, барлығы 478 жолаушы мен 28 экипаж мүшесі келіп қонды. Олардың 170-інде ПТР тестілері болмаған немесе мерзімі өткен, олар қаладағы қонақ үйлерге орналастырылған ауруханаларға жатқызылды. Жоғары температуралы жолаушылар анықталған жоқ. ПТР-тест тапсырғаннан кейін жолаушыларды үйлеріне жібереді, оң нәтиже болған жағдайда инфекциялық стационарға жатқызылады", делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордалық әуежай бас санитарлық дәрігердің жаңа ережесі бойынша жолаушыларды қабылдауға дайындығын тексерген болатын.

1

Бүгін сағат 00.00-де Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы жаңа қаулысы күшіне енді.