Тағайындау • 06 Қазан, 2020

Алматы метрополитеніне жаңа директор тағайындалды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айдын Бейсмолданұлы Оразханов Алматы қаласы "Метрополитен" КМК-нің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы метрополитеніне жаңа директор тағайындалды

Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы басшысының тиісті бұйрығы 2020 жылдың 02 қазанында шықты. 

Айдын Оразханов "Пайдалы  кен орындарын барлау  техникасы мен технологиясы" мамандығы бойынша Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, сондай-ақ М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы,  "Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану" мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

Метрополитен қызметкерлеріне жаңа басшыны қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Маматұлы Әділов таныстырды.