Елорда • 06 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда судың бағасы өседі

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана су арнасы" МКК мекемесі судың бағасы өседі деп болжам жасап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтанда судың бағасы өседі

Бүгін Алматы аудандық әкімдігі қабырғасында өткен қоғамдық тыңдау кезінде мекеме басшылығы арнайы жоспармен таныстырды. Жоспар бойынша сумен қамту және су тарту тарифі шамамен 40-тан астам процентке өсуі ықтимал. Мұны мамандар инфляциямен және шығын көлемінің артуымен түсіндіреді.

"Астана су арнасы" МКК бас директоры Табиғат Зейнулқабден: "Бүгінгі күні біздің тариф бойынша орташа есеппен санаған кезде ауызсу 94 теңге, кәріз 86 теңге, енді 44 пайызға суды, сосын кәріз бағасын 137 пайызға көтереміз деп отырмыз", дейді ол.