Әлем • 06 Қазан, 2020

АҚШ пен Ұлыбританияда 663 кинотеатр жұмысын тоқтатады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ пен Ұлыбританияда Cineworld компаниясының 663 кинотеатры жұмысын тоқтатады. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.

АҚШ пен Ұлыбританияда 663 кинотеатр жұмысын тоқтатады

Cineworld компаниясы осылай деп мәлімдеді. Яғни, Америка Құрама Штатында осы компанияның 536 кинотеатры, Біріккен Корольдікте 127 кинотеатры белгісіз мерзімге жабылатын болды.

Бұл жаңалықтан соң 45 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Cineworld компаниясының басшысы бұған коронавирус салдарынан туындаған дағдарыс себеп деп отыр. Өйткені пандемияға байланысты Солтүстік Америка, оның ішінде Нью-Йорк және Калифорния штаттарында шектеуге байланысты кинотеатрлар жұмысы тоқтаған. Одан бөлек, киностудиялардың да тұсаукесер өткізіп, фильмді прокатқа шығаруына мүмкіндік болмай отыр.

"Нью-Йоркте кинотеатрлар ашылмайынша, студиялардан тұсаукесерлер тізімі келіп түспейтіні анық. Сондықтан жұмысты уақытша тоқтатып, пандемияның басылғанын күткеннен басқа амал жоқ", деді Cineworld компаниясының басшысы Муки Грейдингер.