Оқиға • 07 Қазан, 2020

Елбасы музейінде – ақ халатты абзал жандар

314 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жарты жылдан бері жер-жаһанды жаулаған көрінбейтін жаумен күрескен дәрігерлер Елбасы музейінің жаңа ғимаратына келіп, мұндағы экспозицияда тұрған жәдігерлермен танысты.

Елбасы музейінде – ақ халатты абзал жандар

 

Елорданың қалалық фтизиопульмонология орталы­ғының директоры Анна Цепке бастаған бір топ медицина қызметкерін Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов қарсы алды. Індетпен кү­рес­кен ақ халатты абзал жан­­дардың ерен еңбегіне ал­­ғы­сын білдірген Әмірхан Мұ­ратбекұлы олардың жұ­мыс­тарына сәттілік тіледі. Жаңа ғимаратты аралау бары­сында дәрігерлер тәуел­­сіз елдің қол жеткізген же­тіс­тіктерімен танысып, Елба­сының өмір жолы мен қыз­меті туралы мол ақпарат алды.

«Музей егеменді елі­міз­дің тарихи жолын ерекше креативті форматта топта­малар арқылы ұсынған екен. Әр жәдігерді сүйсіне қара­дық. Көздің жауын алатын мұн­дай керемет экспозиция­да тұтас шығармашылық ұжым­ның еңбегі жатыр. Мұнда Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақ­станды құру жолындағы сарабдал сая­саты мен егеменді елді көр­кейтудегі ерен еңбегі заманауи технологиялармен жан-жақты, терең әрі қанық етіп көрсетілген. Бізге осындай мүмкіндік тудырған мекеме басшылығына алғысы­мыз­ды білдіреміз, – деді қала­лық фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепке.

«Қазақстан-2030» стра­тегия­сында Қазақстан аза­мат­­тары­ның денсаулығы, білімі және әл-ауқаты басты ба­ғыты ретін­де көрсетілген. Ақ халатты абзал жандарды, әсіресе «Дана­ның дара жолы» залында орналасқан әртүрлі медициналық орталықтардан берілген кәде­сыйлар ерекше қызықтырды.

– Жұмыстың тығызды­ғына байланысты көбіне мұн­дай дүние­лерді көгілдір экран­нан ғана көретінбіз. Көз­бен көр­ген бөлек екен. Осы тұста айта кететін жайт,­­ Тұңғыш Прези­дент­тің­ бас­тамасымен Нұр-Сұл­тан қала­сында заманауи талап­­­тарға жауап беретін үш инновациялық медициналық орталықты біріктіретін ме­ди­ци­налық кластер құрыл­ды. Бүгінде University Medical Center құра­мына кіретін Республикалық диаг­ностикалық орталық, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және Балаларды оңал­тудың ұлттық орталығы халық­тың денсаулығын жақсарту жолында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Мұның бәрі елдің қамын ойлаған Елбасымыздың арқасы деп білемін. Бұл музейден өзі­міз­дің әріптестеріміз сый­лаған кәдесыйларды көріп, жаным жадырап қалды, – дейді қалалық фтизиопуль­монология орталығы дирек­торының орынбасары Жанна Дакенова.

Қазақстан халқының тә­уел­­­сіздік жылдарында қол жет­кіз­ген жетістіктерін баян­­дай­­тын қорытынды шоу­ды тама­шалаған дәрігерлер «Қазақ­­стан мақтанышы» за­лын­дағы инте­рактивті алаң­­­ды аралап, «Мәдениет» бөлі­­міндегі ұлт­тық аспаптарды ұстап көріп, күмбір­леген күй тыңдады. Экскурсия со­ңында медицина мамандары кейінгі екі залдың адам ден­саулығына өте пайдалы екенін айтып, қала тұр­ғын­­дарын музейге келуге және саламатты өмір салтын сақтауға шақырды.