Адамның адаммен тікелей байланысы жоқ, кассада кезек жоқ. Барлығы цифрлы өрісте. Ол үшін әрқайсысы арнайы терминалда жанармай түрін таңдап, газ багына бензин құю пистолетін салып, картамен төлем жүргізуі керек.
Бұл – қанатқақты жоба. Егер автокөлік жүргізушілері жаңалықты бағалап қабылдайтын болса, онда мұндай жанармай бекеттері бүкіл ел бойынша пайда болады. Мұндай автоматты жанармай құю стансасы инфекцияны жұқтыру қаупін азайтуға көмектеседі. Осылайша вирустың таралмауына белгілі бір үлесін қоспақ Qazaq Oil-дың жанармай құю бекеті Құлжа трактісі, 2К үй мекенжайында орналасқан.