Қазақстан • 07 Қазан, 2020

Кешенді жоспар отандық фармацевтика өнеркәсібінің дамуына ықпал етеді – А. Цой

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың пікірінше, құжат медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту үшін, әсіресе, жаңа дәрілік заттарды шығару, ТЖ және карантин кезеңінде жұмыс істеп тұрған өндірістің қуатын арттыру үшін маңызды.

Кешенді жоспар отандық фармацевтика өнеркәсібінің дамуына ықпал етеді – А. Цой

«Кешенді жоспарда фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті қолдау мен дамытудың негізгі бағыттары көзделген: фармацевтикалық қызметті, ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер, мемлекеттік қолдау шаралары, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, инвестиция тарту, саланы кадрмен қамтамасыз ету, дәрілік заттарды таңбалау, оларды қадағалау және отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің қуатын арттыру», - деді А.Цой.

Кешенді жоспарда белгіленген іс-шаралар отандық дәрілік заттар желісін 297 атауға және медициналық бұйымдар желісін 2348-ге арттыруды көздейді, бұл Қазақстан Республикасының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарығындағы отандық өндірушілердің үлесін 2025 жылға қарай ақшалай 17 пайыздан 30 пайызға дейін, ал заттай 39 пайыздан 50 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасы нарығында отандық өндірушілердің үлесін 50% жеткізу ұлттық дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, ал ДДСҰ әрбір елде отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін кемінде 30 пайызға жеткізуді ұсынады», - деді А.Цой.