Оңтүстік Қазақстан • 07 Қазан, 2020

Шымкент бюджетті игеру бойынша республикада бірінші орында

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы бюджетті игеру бойынша республикада бірінші орында, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент бюджетті игеру бойынша республикада бірінші орында

Мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінген республикалық бюджет қаржысын игеруде Шымкент қаласы еліміз бойынша көшбастап тұр. 2020 жылдың 1 қазанындағы есепті кезеңде бюджет қаржысы 100 пайызға иегерілген. Бұл туралы қаржы басқармасы мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, қаланың дамуына республикалық бюджеттен бөлінген 454,5 млрд теңгенің қазан айына жоспарланған 300,5 млрд теңге қаржы толығымен иегерілген. Сондай-ақ, 33,5 млн теңге көлеміндегі бюджет қаржысы үнемделіп отыр. Ал, қалған 150 миллиарттан астам қаржы жыл соңына дейін толығымен игерілетін болады.

Айта кетейік, қала бюджеті республикалық статусқа дейін 133 млрд. теңге болса, 2020 жылға 321,5 млрд теңгеге артты. Бүгінде қала бюджеті 454,5 млрд теңгеден асып отыр, оның 47 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған.