Спорт • 08 Қазан, 2020

ХОК президентін сайлау келесі жылы Афиныда өтеді

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың 12-13 наурызында Халықаралық Олимпиада комитетінде (ХОК) президент сайлауы өтеді деп жазады Olympic.kz. 

ХОК президентін сайлау келесі жылы Афиныда өтеді

Сайлау келесі жылы Афиныда өтетін ХОК-тің 137-ші сессиясына жоспарлаған.  Айта кетелік, ХОК-тің қазіргі президенті, семсерлесуден Олимпиада чемпионы Томас Бахтың президенттік қызметтегі алғашқы мерзімі аяқталуға жақын. 

Ол сегіз жылдан бері Халықаралық Олимпиада комитетін басқарып келеді. Егер Бах жеңіске жеткен жағдайда ұйымды тағы төрт жыл басқарады.