Технология • 09 Қазан, 2020

«Гибридті» сүзгілер атмосфераны ластауға жол бермейді

347 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауы­ты­ның №1 жентектеу пе­шін­дегі екі электр сүзгіні қай­та құру қамындағы біре­гей экологиялық жобаның ал­ғаш­қы кезеңі мәреге жетті. Өнер­кә­сіптік шығарындыларды шаң­нан тазар­тудың ең заманауи жүйесімен жабдықталған қон­дырғы номиналды қуатқа шығарылды.

«Гибридті» сүзгілер атмосфераны ластауға жол бермейді

Кәсіпорын үшін бұл жаң­ғырту кем дегенде 10 жыл­дық ауқымды экожобаның алғаш­­қы маңызды кезеңдерінің бірі. Бірегей экологиялық бағ­дарлама – Еуразиялық Топ­тың эко­логиялық жаңа стратегиясын іске асырудағы қадам­да­ры­ның бірі.

Жоба 2018 жылы зауыттың №1 пешті газдан тазарту жүйе­сін жобалауға келісімшарт жа­салған уақытта бастау алды. Кәсіпорын экологтерінің пі­кірінше, осы серпінді және ба­сымдыққа ие жобаны іске асы­ру өндірістік көрсеткіштер­ді тұрақты ұстап тұру кезінде шаң шығарындыларын жылына 2 376 тоннаға біртіндеп төмендетуге мүмкіндік бере­ді. Жаңа жабдықтың тазалау тиімділігі шамамен 99,99% және жалпы қаладағы атмос­фералық ауаға оң әсер етеді. Компания атап өткендей, бұл жобаға айтарлықтай инвестиция құйылды – алғашқы екі электр сүзгісін сатып алу­ға жә­­не монтаждауға шамамен ­11 млн АҚШ доллары бағыт­талған.

Басты орындаушы нарықта танылған – ThyssenКrupp неміс компаниясы. Оның мамандары барлық есептеулерді жүргізіп, жаңа электр сүзгілерінің негізгі элементтерін жасады, сонымен қатар ескілерін бөлшектеуге тікелей қатысты.

Жаңа гибридті сүзгілер бұ­­рынғы сүзгілерді алмас­тыр­­ды. Жентектеу пештері үшін газды тазартуды қайта құру­дың реттік-параллельді әдісі таңдалды. Пеш екінші сүз­гі­мен 50 пайыздық жүкте­ме­мен жұмыс істеп жатқан­да, бірін­шісін ауыстыру жұ­мыс­тары қатар жүргізілді. Бұл пешті тоқ­татпай ауқымды шаруаны да қатар атқаруға мүмкіндік бер­ді, осылайша оның тоқтап тұруын төмендетіп, қалпына кел­ті­ру жұмыстарына байланыс­ты шығындарды азайтуға мүм­кіндік берді.

Қазіргі электр сүзгілерінің басты айырмашылығы – олар «гибридті». Екеуі де жартылай электрлі, жартылай жең­дік. Енді бұл компрессорлық және сорғы стансалары қосымша орнатылған тұтас кешен, шаң камерасы газ тазарту қора­бы­­­мен және суық ауа ағыны жүйе­­сімен жабдықталған. Бү­кіл әлем­де бұл «гибридті» тех­нология өнеркәсіптік газ шы­ға­рын­дыларын шаңнан тазарту тұр­ғысында озық болып сана­лады. Сондықтан Павлодар алю­­ми­ний зауытындағы электр сүз­гі­лерін ауыстыруды ең алдымен маңызды табиғатты қор­ғау ша­расы ретінде қарас­тырған жөн.

Айта кететін жайт, бі­рін­­­­ші электр фильтрі ағым­да­ғы жылдың басында іске қо­сыл­­ған болатын. Сол уақыт­та екін­шісінде де құры­лыс-мон­­­­таж жұмыстары бастал­ды. Пан­де­мия жентектеу цехын­дағы ал­ғашқы пеш сүзгілерін қайта құ­руды аяқтау мерзіміне бір­қа­тар өзгерістер енгізді. Алай­да ThyssenKrupp компа­ниясы мен «Қа­зақстан алю­минийі» АҚ маман­дары осы ауқымды жұ­мысты сәтті аяқ­тады.

Атмосфераға жіберілген шығарындыларға жүргізіл­ген алғашқы өлшеу газ тазарту жабдықтарының тұрақты және жақсы жұмыс істейтінін көрсетті.

Алдағы уақытта №5 пеш­тегі электр сүзгілерін жаңғыр­ту жоспарланған. Ұзақ мер­зім­ді бағдарлама аясында Пав­ло­дар алюминий зауытында бар­лық электр сүзгілерін қай­та құру көзделіп отыр. Олар­­дың барлығы процестер­ді бас­қарудың және шығатын түтін газдарындағы ластау­шы заттардың шоғыр­ла­нуын бақылау үшін қазіргі за­­ман­ғы жүйелермен автоматтандырылатын болады.