Пікір • 09 Қазан, 2020

Абайтанудың жаңа қыры

490 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ұлы Абайдың «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» деген өлең жолдарын бәріміз білеміз. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы осы жұмбақтың кілтін ашқандай көрінеді және ақынның феномен тұлғасын түсінуге жол ашады.

Абайтанудың жаңа қыры

Абай әлемге танылды. Әлем Абайды таныды. Бұған ұлы ақынның туғаны­­на 150 жылдығына орай өткізілген ЮНЕСКО шеңберіндегі іс-шаралар куә. Ол кезде Қазақстанның тәуелсіздік жариялағаны­на төрт-ақ жыл болған еді. Соған қарамас­тан, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Абай тойын осындай биік деңгейде өткізуге ерекше еңбек сіңірді. Бұл туралы мақалада жақсы айтылған.

Елбасы Абай өмір сүрген дәуірдің тарихи, саяси мәні туралы ерекше толғаныс жасайды. Шынында да, Абай Қазақ хандығы ыдырап, Патшалық Ресейдің отар­­лау саясаты орныққан кезде өмір сүр­ді. «Ескі дәуірдің құндылықтары жо­ға­­­­лып, ажырап «бұлыңғыр уақытқа» тап бол­­­­ды» деп жазыпты Елбасы. Әрине сол з­а­­ман­­­ның ащы шындығы туралы тұшым­­­ды ойлар ерекше әсер етеді. Бір жағы­нан ескі дәуірдің ықпалында қалған халық оты­­рық­­шылыққа үйрене бастайды. Ал екін­ші жағынан, білім-ғылымға жол ашылады.

Абай өз заманынан оза туды. Сон­­дықтан да Еуропа, орыс әдебиеті мен мә­де­ниетін жақсы таныды. Бұл өз кезе­гінде Абайдың рухани кемел­денуіне жол ашты. Кемеңгерлік ой оны өз халқының болашағы туралы толғантты. Ойларын өлеңдері мен қара сөздеріне енгізіп, ұрпағына аманат сөз қалдырды.

Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Абай ұлт­тық ренессанстық тұлғаға, өз халқы­ның «темірқазығына айналды».

«Абай аманаты» атты мақала Қазақ­станның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке өз тағдырымен ұштастырыла жазылыпты. Бір жағынан мұны Елбасының Абайтанудағы рөлін тануға мүмкіндік берсе, екінші жағынан оны ұлт лидерінің өз халқына айтқан жан сыры деп те қабылдауға болады. Мы­салы, тәуелсіздік алған сәтте жаңа тұрпат­тағы Қазақстан құру алдында тұрған­да Н.Ә.Назарбаев Абай іліміне жүгініпті.

Ұлы Абайдың «Адамзаттың бә­рін сүй бауырым деп...» деген сөзі Н.Назар­баев саясатының басты қағи­датына, ұлтаралық достық, татулық ішкі сая­сат­тың басым-бағытына айналады. Қазақ­стан халқы Ассамблеясының құ­рылуы осы Абай сөзінен туындағанын Ел­басы мақаласынан оқыдық.

Мақала Абай өлеңдерін, болмаса қара сөздерін талдау, сараптау тұрғы­сында емес, керісінше, ұлы ақын арман­дары­ның қалай жүзеге асып жатқан деректерімен қымбат.

«Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел» деген ақын сөзі Н.Назарбаевты Ук­раинаға сапар шеккізеді. Теміртауға келіп, домна пешіне металлург етіп тұрғызады.

Әрине оқу мен білім Абай аңсаған арман еді. Өз халқының надандықтан арылып, өркениетті елдер қатарына қосылуы туралы арманы сөз жоқ Абай шығармашылығының басты қағидаты болып табылады. Ол арман-аманат қалай орындалып жатыр? Мұны Н.Назарбаев «Болашақ» бағдарламасының ту­уына себепкер болды деп есептейді. «Назарбаев Университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» – Абай аманатын орын­дауға ашылған жол.

Абай өз халқын қалай сүйсе, біз де Абайды солай сүюіміз керек. Абай қазақ­тың рухани символы ретінде әлемге та­нылды. Қазақстан да әлемдік саяси ортада өзінің лайықты орнын алды.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай жазыл­ған Н.Назарбаевтың осынау ойлы, зер­делі мақаласынан түйгендерімнің бұл бір парасы ғана. Бұл мақаланы Абай­танудың жаңа қыры деп білемін.

 

Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ,

сенатор