Қоғам • 09 Қазан, 2020

Елордалықтар алаяқтықтың жаңа түріне тап болды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалықтар алаяқтықтың жаңа түріне тап болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордалықтар алаяқтықтың жаңа түріне тап болды

Бүгінде айлакерлер азаматтардың дербес деректерін біліп алып, оның атына микрокредиттік ұйымдарда несие ресімдеп, ақшамен бірге үшті-күйлі жоғалып кетуде.

Осындай оқиғалардың бірі Instagram желісінің қолданушысында болған. Ол @Zhaloby_astana тобында белгісіз қыздың хабарландыру сайты арқылы одан тауар сатып алғанын жазады.

"Сол күні түнде SMS жазады, маған күйеуі қателесіп ақша аударып, қайта жіберуді сұрайды. Басқа банктің картасынан 100 мың теңге түседі. Мен, түсінігі бар адам ретінде, ақшаны картаға қайта аудардым. Аталған жайтты ұмытып кеткеннен кейін, екі айдан кейін маған коллекторлық компаниядан қоңырау шалып, қарызды қайтаруды сұрайды. Сөйтіп, әлгі қыз менің атымнан микронесие ресімдеген", дейді желі қолданушысы.

Жәбірленуші полиция өкілдерінен көмек сұрағанымен, оларға қазірдің өзінде мыңдаған адамның ісі тұрғанын және алаяқ әлі де бостандықта жүргенін айтқан.

"Алаяқтың мекенжайын өзім тауып, қайда тұратынын және не істейтінін білдім. Көпбалалы ананың алты баласы бар екен", дейді ол.

Бұл оқиғаға қатысты Нұр-сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме беруге уәде берді.