Абай • 12 Қазан, 2020

Абай мұрасы – мәңгілік тақырып

89 рет көрсетілді

Қазақ қоғамы мен ғылымы үшін Абай­дың рухани мұрасының маңызы күн өткен сайын арта түсуде. Әсіресе хакім ұсын­ған қағидалардың тарих ғылымын дамытуға ықпалы зор. Осылай деген сарапшы ғалымдар Білім және ғы­лым министрлігі Ғылым комитетінің қол­дауымен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұйым­дастырған «Қазақстан тарихы Абай­дың рухани мұрасы аясында» атты халық­аралық ғылыми-тәжірибелік кон­фе­ренцияда өз ойларын ортаға салды.

Конференцияның негізгі мақсаты – қа­зақ халқының тарихын зерттеудегі Абай Құнан­байұлының орны мен рөлін анықтау, деген Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, ұлы ойшылдың терең мазмұнды рухани мұрасының қазақ халқының тарихы мен санасын қалыптастырудағы және тәрбиелеудегі ықпалы мен маңызы зор екеніне айрықша тоқталып өтті.

– Абайдың «үш сүю», «кемел адам» кон­цепцияларының ел халқының саяси, мә­де­ни келбетін қалыптастыруға әсері орасан. Тарихи сананың дұрыс бағытта тәрбиеленуі тұлғаның Алланы, адамзатты және әділетті сүюге тәрбиеленуіне тәуелді екендігін ха­кім сол заманның өзінде-ақ айшықтап кет­кен. Абай Құнанбайұлының көптеген шығар­маларында тарихи процеске қатысты ойлар, пікірлер мен идея­лар кездеседі. Осы жау­һарлардың қазіргі тарих ғылымында пай­далану деңгейін жүйелендіріп, Абай ұсын­ған қағидалардың тарих ғылымын да­мытуға ықпалын айқындау маңызды. Абай шығар­машылығы Қазақстан тарихшыларын тарихи обьективті шындықтан ауытқымай зерттеуге үйретеді. Ақын ұстанымдарының, идеяларының, көзқарастарының теориялық және методологиялық маңызы қолданбалық рөлі ешқандай күдік тудырмайды. Қазақстан тарихы Абай талаптарына сай деңгейде зерттелсе және жазылса биік деңгейге көтерілетіні ақиқат, – дейді профессор.

Конференция жұмысына онлайн форматта қатысқан бауырлас елдердің ғалымдары да бұл пікірді қуаттай түсті. Олардың пікі­рін­ше, Абай тек қазақ халқының ғана емес, адамзат мұратын асқақтатқан өміршең идея­лардың қайнар көзі. Ең алдымен ақын шығар­машылығын кең көлемде оқырманға жет­кізудің, оны заманауи технологиялар негі­зінде насихаттаудың тәсілдерін жетілдіру ке­рек. Абай шығармашылығын әлемдік әде­биет­тану, мәдениеттану, тарих, философия ғы­лым­дарының жетістіктері тұрғысынан қайта са­ра­­лау да артықтық етпейді. Ол үшін ең алды­мен, қазақ тарихын, Абай өмір сүрген заманды дүние жүзі тарихымен астастыра отырып, жаңа, тәуелсіз сана тұрғысынан қарастыру керек.

Келелі басқосуда Қазақстанның тарих ғы­лымында Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын пайдаланудың және дамытудың жаңа жолдары мен тың аспектілері қарастырылды. Заңғар тұлғаның рухани мұрасының тарихты тануға ықпалын сараптай келе, қатысушылар төмендегідей тұжырымға келді.

Біріншіден, Абай мұрасының тарихи аспек­тілерін зертеуге арналған гранттық қаржы­ландыру жобаларын дайындау және ұсыну қажет. Екіншіден, Абайдың тарих ғылымына қатысты пікірлерін, көзқарастарын, идеяла­рын сараптауға арналған кешенді зерттеу­лер жүргізудің маңызы зор. Үшіншіден, Қазақ­станның белгілі университеттері жа­нын­дағы «Абайтану» орталықтарымен инс­титут ұжы­мының бірлескен ғылыми-зерттеу ж­ұмыс­тарын іске асыру қолға алынуы керек. Төртіншіден, баспасөз беттерінде Абай­дың тарихи көзқарастарына қатысты бұ­қа­ралық мақалалар үздіксіз жариялануға тиіс. Бе­сіншіден, Абай Құнанбайұлының өмі­рі мен шығармашылығына арналған мақа­лаларды тарихи энциклопедияларға, оқу­лық­тарға, көп­томдық Қазақстан тарихына ен­гізу, алтыншы­дан, Абайдың рухани мұрасы не­гізінде қазақ­стандық отаншылдықты, еңбек­сүй­гіштікті, гу­манизмді, шыншылдықты тәр­биелеу, тарихи сананы қалыптастыру кон­цепциясын жасау жаппай қолға алынуы аса маңызды. Сондай-ақ Абайдың ұлттық тарих­қа, оның шешілмеген мәселелеріне қа­тысты ой-пікірлерін, идеяларын жүйелеу арқылы оларды Қазақстан халқының рухани игілігіне айландыруың мәні зор. Осындай ортақ ойға тоқайласқан ғалымдар бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта күш біріктіре қолға алуға уағдаласты.

 

АЛМАТЫ

 

Соңғы жаңалықтар

Оралда 198 отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 18:28

Доллар қымбаттап жатыр

Экономика • Бүгін, 15:54

COVID-19: Қартаюды жақындатуы мүмкін

Коронавирус • Бүгін, 14:43

Күзенді қырған COVID-19

Әлем • Бүгін, 13:14

Қыстың бірінші күні үсіп қалған

Аймақтар • Бүгін, 12:18

Алтайлық аналар баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 11:20

Ұқсас жаңалықтар