Ұйымдастырушылар 6 айға созылатын көрмеге 25 миллионға жуық қонақ келеді деп болжаған. Сондай-ақ 190 елдің өкілі шараға қатысуға тіркелген еді. Енді әйгілі көрме келесі жылы 1 қазан мен 2022 жылы 31 наурызға дейін өтеді деп жоспарланып отыр. Суреттерден Дубайда салынып жатқан EXPO қалашығының, ондағы павильондардың келушілерді қарсы алуға дайын екендігін қалғанын байқауға болады. 2013 жылы шараның Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетіні белгілі болған уақыттан бастап шараға миллиардтаған доллар бөлінген. Дубай шараға арнайы салынған ғимараттардың 80 пайызын District 2020 жобасы бойынша коммерциялық және тұрғын үй құрылысына айналдырмақшы. Әмірлік экономиканы әртараптандыру және қаланың инновациялар орталығы ретіндегі беделін нығайту бойынша көрмеге үлкен үміт артады. Енді ұйымдастырушылар соңғы жағдайларға байланысты келесі жылы шараға қанша қонақ келетінін болжай алмай отыр.