Елорда • 13 Қазан, 2020

Елордадағы екінші қызмет көрсету орталығы

196 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда жаңа мамандандырылған ХҚО алғашқы қызмет алушыларды қабылдай бастады. Енді көлік құралдарын қайта тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін астаналық көлік иелері қала сыртындағы автоХҚО орнына A-82 көшесінде орналасқан «Нұрлы жол» темір жол вокзалындағы бөлімге жүгіне алады.

Елордадағы екінші қызмет көрсету орталығы

Бұған дейін барлық жүк­теме елордадағы жалғыз ма­ман­­дандырылған ХҚО-ға түсетін. Себебі елордадағы авто­көлік базары – ең ірілердің бірі және мұнда автокөліктерді Нұр-Сұл­тан тұрғындары ғана емес, жа­қын маңдағы аудандар мен қала­лардан да сатып алуға келеді. Сонымен қатар бас қа­ла­ның тұр­ғындарының саны жыл сайын өсіп келеді, бұл да халыққа қызмет көр­сету ор­­талықтарына түсе­тін жүк­те­менің артуына әсер етеді.

«Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпорация­сының басқарма төрайымы Әсем­гүл Балташеваның айтуынша, елор­далық автоХҚО-да күніне 2 мыңға жуық адам­­ға қызмет көрсетіледі. «Кө­лік­ті сатып алушы азамат ма­ман­дандырылған бөлімге сату­шымен бірге келе­тінін ес­керсек, ХҚО-дағы адам қа­расы ешқашан азаймай­ды. Ко­ронавирус пандемиясы шағын­да бір ғимаратта осын­шама аза­матты қабыл­дау қауіп­ті, сон­дықтан екін­ші мамандан­дырыл­ған орта­лық ашу туралы шешім қабыл­данды», деді Бал­ташева.

Ол, сонымен қатар жаңа бө­лім­нің орналасқан жері аза­маттар үшін өте ыңғайлы еке­нін айтып өтті. Өйткені қала ішінде, сол жағалауға жа­қын жерде орна­ласқан, бұл қыз­меттерді алуды же­ңіл­­­детіп қа­­на қоймай, жол шы­ғынын да­ азайтады.

Мамандандырылған ХҚО-­да­ автокөліктерді қай­та тіркеу­ге арналған 23, жүр­гізуші куәлік­терін ауыстыра­тын 3, сондай-ақ көтер­ме жә­не жеңіл­дік тере­зелері үшін бір-бір жұмыс орны бар. Со­нымен қатар Ішкі іс­тер ми­нистр­­лігінің деректер база­сы­нан ақпараттық анық­­тамалар бере­тін терезе қарас­тырылған.

Орталық жаңа жиһаздар­мен және техникамен жаб­дық­талған. Көлік қоюға ар­налған тұрақтың аумағы – 70 мың шаршы метр.

Жуырда Цифрлық да­му, инновация және аэроға­рыш өнеркәсібі министрі Бағ­­дат Мусин, Нұр-Сұл­тан қала­сының әкімі Алтай Көл­гінов және Мем­­ле­­­­­кет­­­тік қыз­мет іс­тері агент­­­­тігінің төрайы­мы Анар Жайыл­ғанова жаңа бөлім­­нің жұмы­сымен таныс­ты. Олар­ға жер және жыл­жы­май­тын мүлік қызмет­терін оң­тай­лан­­дыруға және авто­мат­тан­дыруға мүмкін­дік беретін жылжымайтын мүлік­тің бір­ың­­ғай мемлекеттік кадас­тры мен iQala жүйесін ен­гізу туралы ақпарат берілді.

Цифр­лық даму, инновация­лар және аэроғарыш өнер­кә­сі­бі министр­лігінің стра­тегия­лық міндеті – аза­мат­тарға мем­­лекет­тік қыз­­меттерді алу кезін­де, әсіре­се оны онлайн фор­­мат­қа ауыс­­т­ы­ру арқылы қо­лай­лы жағ­дай­ жа­сау.

COVID-19 пандемиясы се­бе­бі­­нен қазақстандықтар цифр­лы жаңашылдықтарды белсенді қолдана бастады. Қа­зіргі уақыт­та мобильді аза­маттар базасында 9,5 млн қазақ­стандық тіркел­ген, eGovmobile мобильдік қо­сым­­шасын 3,3 млн азамат жүк­теген, 1,8 млн адам әлеу­­мет­­тік желілердегі және мес­сенд­­жерлердегі бот­тар­­дың тұрақты қолдану­шы­лары, ал тағы 35 мың адам өз­­дерінің био­метриялық деректерін енгі­зіп үлгерген.

Айта кетелік, жыл басы­нан бері автоорталықта 144 мың­нан астам көлік қай­та тір­кеуден өт­кізі­ліп, 42 мың­нан астам азамат­қа жүргізуші куә­лігі берілді.