Экономика • 13 Қазан, 2020

Ұлттық банк басшысы теңгенің әлсіреуіне қатысты түсініктеме берді

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев теңгенің әлсіреуі мен доллар құнының өсу себебін атады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұлттық банк басшысы теңгенің әлсіреуіне қатысты түсініктеме берді

"Инвесторлардың қорқынышы мен доллардың нығаюы дамушы елдердің валюталарының әлсіреуіне және мұнайдың арзандауына алып келеді. Салдарынан мұнайға сұраныстың төмендеу қаупі болады", дейді Е.Досаев

Оның айтуынша, қыркүйекте теңгенің айырбас бағамы бірнеше сыртқы факторлардың ықпалында болды.

"Қыркүйек айында әлемнің жекелеген аймақтарында коронавирустың қайта өршуі жағдайында жаһандық экономиканың қалпына келуі баяулау  нәтижесінде және мұнайға сұраныстың әлсіреуіне байланысты мұнай 10 пайызға арзандады", дейді Ұлттық Банк басшысы.

Бұдан бөлек, дамушы елдердің валюталары, соның ішінде теңге қыркүйек айында коронавируспен ауыратындар санының артуы аясында әлсіреді, бұл инвесторлардың тәуекел активтеріне деген қызығушылығының төмендеуіне және доллар бағамының нығаюына әкелді.